OpenAI компаниясы корпоративтік жасанды интеллектіні енгізудің жаңа тәсілін сынақтан өткізе бастады. Бұл бастама шеңберінде OpenAI инженерлері Thrive Holdings компаниясының бизнес-бөлімшелерінде тікелей жұмыс істеп, ІІ технологияларын нақты операциялық үдерістерге бейімдеп енгізеді. Жобаға инвестиция құю да қарастырылған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Thrive Holdings биыл сервистік компанияларды сатып алып, оларды трансформациялауға бағытталған басқарушы құрылым құрды. Мақсаты, бухгалтерлік және ІТ-қызметтерді қайта құру, деректермен жұмыс істеуді жаңарту және жасанды интеллектіні қосымша құрал ретінде емес, өндірістік деңгейдегі шешім ретінде енгізу.
Бұл салаларда реттеу талаптары қатаң, қол еңбегі басым, ал автоматтандыру үшін салалық білім маңызды. Thrive осы ерекшелікті ескеріп, шектеулі пилоттық жобалар емес, толық бақылау мен терең интеграция тәсілін таңдаған.
Crete ЖИ-ды деректер енгізу мен салықтық құжаттарды дайындау сияқты рутинаны азайтуға пайдаланып үлгерді. Shield жыл соңына дейін 10 компанияны сатып алуды жоспарлап, ІТ-операцияларды жаңғыртуға дайындалып жатыр.