Қазан айынан бастап ОПЕК+ ұйымына мүше негізгі сегіз ел - Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, БАӘ, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман мұнай өндіруді тәулігіне қосымша 137 мың баррельге көбейтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл шешім "нарықтағы қолайлы жағдай" және "әлемдік экономиканың тұрақты перспективасымен" түсіндірілді.
Ресей вице-премьері Александр Новактың айтуынша, Мәскеу ОПЕК+ алдындағы барлық міндеттемелерін орындап отыр. Әрі өндіріс көлемін азайтуда, әрі өсіруде келісімді толық сақтауда.
Қазіргі таңда мұнай бағасы барреліне 65–70 доллар аралығында. Биыл баға шамамен 12%-ға төмендеген. Ал норвегиялық Rystad Energy орталығының сарапшысы Хорхе Леонның болжамынша, ОПЕК+ шешімі нәтижесінде мұнай бағасы 60 доллардан төмендеуі мүмкін.