"Оның кінәсі жоқ". Адвокат Төреғали Төреәлі жазықсыз сотталып жатқанын айтты

2 Қазан 2023, 09:18 2617

Биыл маусым айында Алматы қаласында 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылған Төреғали Төреәлінің ісі әлі аяқталған жоқ, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

40 сағат қоғамдық жұмыс істеу жазасына тартылған әншінің адвокаты Тілеужан Кішкенебаев сот ісінің мән-жайын айтып берді.

Әкімдік анықтайды. Әзірге қандай жұмыс істейтіні белгісіз. Бірақ алда апелляция бар, әлі соттасамыз. Себебі қырық сағат жұмысқа жегеді деген жазамен келіспейміз. Себебі, ол кінәсі жоқ адам. Жазықсыз айыпталып отыр. Егер кінәсі дәлелденсе, қандай жұмыс берсе де орындауға әзір. Бірақ кінәсі дәлелденген жоқ. Сот шешімімен келіспейміз. Сондықтан істі қайта қарауға береміз, - деді әншінің адвокаты Тілеужан Кішкенебаев nege.kz сайтына.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында Т.Әлихановқа (Төреғали Төреәлі) қатысты қылмыстық іс қаралғанын жазған едік.

Айта кетейік, 14 маусымда әлеуметтік желіде белгілі эстрада жұлдызы Төреғали Төрәлінің мас күйінде көлік айдап полицияға түскені туралы видео тарады. 20 тәулікке қамалып, жазасын өтеген соң, 4 шілдеде Алматыда жол ережесін бұзғаны үшін тағы жазаға тартылды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: