10.04.2024
11:40
1623
Оңтүстік Кореядағы зауытта Қазақстан азаматы қаза тапты

Оңтүстік Кореядағы зауытта Қазақстан азаматы қаза тапты

Оңтүстік Кореяда зауытта жұмыс істеп жүрген қазақстандық мерт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Massaget.kz порталы ақпаратты Сыртқы Істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растағанын мәлім етті.

Қайғылы оқиға 8 сәуірде Чонджу қаласында болған. Шыны өндіру зауытында 30 жастағы қазақстандықты тоқ соққан. Ол ауруханада көз жұмды. Жергілікті полиция тергеуді бастады.

Қазақстан азаматы зауытта көз жұмды. Қазір біз марқұмның туыстарымен байланысып, керек құжаттарды рәсімдеп жатырмыз, - деді Айбек Смадияров.