Оңтүстік Кореяда қамауда отырған қазақстандықтарға қандай айып тағылды

10 Сәуір 2023, 17:43 992

2023 жылғы 24 наурызда Инчхон әуежайында паспорттық бақылау өту барысында Ташкенттен келген 2 Қазақстан азаматына Оңтүстік Кореяға заңсыз кірмек болды. Олар депортациялауды күту үшін  арнайы бөлмеге орналастырылған. Алайда сол түні қазақстандықтар қашып кеткен еді. 26 наурызда бір Қазақстан азаматы ұсталды, ал 29 наурызда екінші қазақстандық өз кінәсін мойындап, өз еркімен берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта Инчхон қаласында Көші-қон орталығында тергеу изоляторында қамауда отыр.

Оңтүстік Корея заңнамасына сәйкес, тергеу шаралары 3 айға дейін созылуы мүмкін. Осыған орай іс Прокуратураға жіберіледі. Осыған байланысты тергеу мүддесі үшін Оңтүстік Кореяның құзыретті органдары істің егжей-тегжейін ашпай отыр. Ұсталған Қазақстан азаматтарға Корея Республикасының заңын бұзу бойынша 3 айып тағылады: эмиграциялық бақылау туралы заңды бұзу, елге заңсыз кіру, елде заңсыз болу, әуежайы объектілері мен оның ғимараттары туралы заңды бұзу. Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігі жергілікті құқық қорғау органдары және ұсталған қазақстандықтардың туыстарымен тұрақты байланыста, - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Сонымен қатар Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматтарын жаппай жұмыстан шығарылып жатқаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. Бұл оқиға ресми жұмыспен қамтылған Қазақстан азаматтарына еш әсер еткен жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Корея Республикасында жұмыс беруші рәсімдейтін арнайы рұқсат пен визаның болуы негізінде ғана жұмыс істеуге болады. Жұмысқа тұрудың басқа жолдары заңсыз екенін ескертті.

EL.KZ
Бөлісу: