Оңтүстік Корея Ұлттық ассамблеясы президент Юн Сок Ёльге импичмент жариялау үшін дауыс берді, деп хабарлайды жергілікті Yonhap басылымына сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Сенбі күні Ұлттық ассамблея президент Юн Сок Ёльдің әскери жағдайды сәтсіз енгізуіне байланысты оған импичмент жариялау туралы шешім қабылдады.
Юн Сок Ёлға импичмент жариялау ұсынысы 204 дауыс «қолдап», 85 дауыс «қарсы» нәтижесінде қабылданды. Үш адам қалыс қалды, ал 8 бюллетень жарамсыз деп танылды.