07.03.2025
16:07
769
Оңтүстік Корея президенті қамаудан босатылды

Оңтүстік Корея президенті қамаудан босатылды

Оңтүстік Кореяның соты қызметінен шеттетілген президент Юн Сок Ёльді қамаудан босату туралы шешім шығарды, деп хабарлайды El.kz Yonhap басылымына сілтеме жасап.

15 қаңтарда тергеушілер Юн Сок Ёльді 3 желтоқсандағы әскери төңкеріс жариялауына байланысты бүлікке шақырды деген айыппен қамауға алған еді.

Сеулдің орталық аудандық соты бұл шешімді президенттің адвокаттары 26 қаңтарда тағылған айыптың заңсыз екенін дәлелдегеннен кейін қабылдады. Себебі айып қамауда ұстау мерзімі аяқталғаннан кейін бір күн өткен соң тағылған.