Оңтүстік аймақтарда 33 градусқа дейін аяз болады

11 Қаңтар 2023, 20:22 1187

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті

Қазгидромет 12 қаңтар күні Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде 30-33 градус қатты аяз болады.

Түркістан облысының басым бөлігінде 25-27 градус қатты аяз болжанады.

Шымкенттетүнде 25 градус қатты аяз күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында 19-24 градус тты аяз сақталады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, желдің жылдамдығы облыстың батысында,

Павлодар облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 18-23, екпіні 23-28, түнде кей уақытта 30 м/с және одан жоғары.

EL.KZ
Бөлісу: