Онлайн несие беруге тыйым салу ұсынылды

10 Мамыр 2023, 15:40 998

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Қазақстанда микроқаржы ұйымдары арқылы онлайн несие рәсімдеуге тыйым салуды ұсынды, деп хабарлады El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол депутаттық сауалын Бас прокурор Берік Асылов пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымоваға жолдады.

«Халық арасында қазір онлайн несие алуға сұраныс күрт артқан. Қарапайым адамдар микроқаржы ұйымдарынан жетіскеннен қарыз алмайды. Айлығы шайлығына жетпегендіктен осылайша бір қарызды екінші қарызбен жамайды.

Бүгінде елімізде 239 микроқаржы ұйымы бар. Банктен несие рәсімдей алмаған аңқау халықты делдал-алаяқтар құрыққа оңай түсіріп, осындай ұйымдарға алып келеді. Тығырыққа тірелген адамның мойнына жүздеген пайыздық несие рәсімделеді, - деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, 2022 жылы банктен несие әперемін деген желеумен алаяқтар 3022 адамды сан соқтырған. Биылғы 3 айда 475 факті тіркелген.

Мысалы, осыдан бір ай бұрын Ақмола облысы Бурабай ауданының тұрғынына хабарласқан интернет-алаяқ өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, 1 млн теңге несие рәсімдеткен, ал ақша өзге адамның шотына жіберілді. Абай облысының тұрғынына хабарласқан алаяқ болса, ұялы телефонға AnyDesk деп аталатын қосымшаны орнаттырып, сол арқылы 9,5 млн теңге несие рәсімдеп алған, - деді ол.

Мұндай оқиғалар Қазақстанның барлық өңірінде тіркелген. 

Бұл мәселе бойынша AMANAT партиясының қоғамдық қабылдауларына алаяқтардың ісіне тап болған азаматтар жиі шағым түсіреді. Алаяқтар азаматтардың жеке деректерін пайдалана отырып, онлайн несиені өзге адамға заңсыз рәсімдейді, - деді Елнұр Бейсенбаев.

Осыған байланысты ол мәселені шешудің мынадай жолдарын ұсынды:

Равиль Ашығали
Бөлісу: