Өңірлік кадр резервіне іріктеуді өткізу мерзімдері өзгертілді

10 Сәуір, 03:38 672

Бірқатар өңірде табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимінің жариялануына және қатысушылар үшін туындайтын қиындықтарға байланысты Өңірлік кадр резервіне іріктеудің келесі кезеңдерін өткізу мерзімдері өзгертілді. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәселен, заңнаманы білуге тестілеуді 14, 21 және 28 сәуірде, құзыреттерді бағалауды - 5 мамырда өткізеді. Құрылымдық сұхбат 12 шілдеге, ал аймақтық кадрлар комиссиясының отырысы 16 шілдеге ауыстырылды.

Перизат Саденова
Бөлісу: