Өнеркәсіп министрі ТМК ірі кәсіпорындарының өкілдерімен кездесті

4 Желтоқсан 2023, 02:30 815

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев ТМК кәсіпорындарымен, Ұлттық палатамен және отандық тауар өндірушілердің өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы кездесуде тау-кен металлургия саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Бұл кездесу өнеркәсіптік саясат саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелерін, атап айтқанда, елішілік құндылықты дамыту, жер қойнауын пайдаланушылардың тауар биржалары арқылы қатты пайдалы қазбаларды сатып алуы және өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ашық талқылаудың жалғасы болды.

Министр Қанат Шарлапаев мемлекеттік органдардың тетіктерді бірлесіп пысықтауға ашықтығын атап өтіп, экономикалық саясаттың одан әрі бағытын бірлесіп қараудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, кездесу барысында ТМК кәсіпорындарының қызметін салықтық реттеудің бірқатар салалық мәселелері талқыланды.

Перизат Саденова
Бөлісу: