«Оңдырмай алдап кетті». Жұлдыз Әбдукәрімова жақын адамын сотқа бермек

26 Қыркүйек, 10:33 1289

Әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, танымал актриса Жұлдыз Әбдукәрімова жақын адамы алаяқ боп шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айтсам ба, жоқ па деп көп ойландым. Ешкімнің абыройын түсіргім келмеп еді. Алайда бұққан сайын, сұғып барады. Осыдан 3-4 жыл бұрын жақын адамымнан опық жедім. Оңдырмай алдап кетті. Барымды тартып алды. «Жаным, күнім» деген адамнан сатқындық көремін деп кім ойлаған? Қазір есіме түсіріп, өзіме таңқаламын. Қалайша жол бердім? Осынша уақыт қалай үндемей шыдап келдім. Ол уақыт мен үшін сынаққа толы күндер еді. Жаным қиналып, айналамнан ақыл сұрайтын адам таппай басымды тауға да, тасқа да соғып жүргенде алдымнан «күндей» жарық бір кісі шықты. Бәлкім, менің құтқарушым осы болар деп ойладым, - дейді Жұлдыз Әбдукәрімова.

Оның айтуынша, үйінен талай ас ішіп, бар құпиясына қанық болған жақын өз жоспарымен жүрген. 

Қит етсе қалымды сұрап, менің жағдайымды өзінікіндей көріп, уайымдап жүрді. Менің ештеңеден хабарым болмай, жаратқанға алғыс айтумен болдым. Жарты жыл қасымда жүріп, мендегі қымбат дүниені санап жүрген екен. Мен өз қайғымнан есімді жия алмай жүргенде, ол біраз құжатқа қолымды қойдырып алды. Ертең сол кісімен кездесуге барамын. Мәселе шешілмесе, сотта кездесеміз. Егер оқырманым талап етсе, соттың елдің алдында онлайн өткенін талап етемін. Сотта барлығы айтылады. Оның әділ өтеріне сенемін, - деп жазды актриса.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: