Өндіріс тас жолының учаскесі бір күнге жабылады

21 Маусым, 13:50 489

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Өндіріс тас жолы бойынша Солтүстік айналма жолдан көлік айрығына дейін жүк автокөліктерін өлшеудің автоматтандырылған жүйесін орнату бойынша жол қозғалысын толық жабу арқылы жұмыстар жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты 23 маусым күні сағат 06:00-ден 23:50-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.

Әкімдік елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: