Өндіріс азайған. Қазақстанда жұмыртқа бағасы қанша?

19 Қыркүйек 2023, 18:37 687

8 айда Қазақстанда 3,3 млрд данадан астам жұмыртқа өндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 3 328,1 млн дана тауық жұмыртқасы өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1%-ға аз (3 398,7 млн дана).

Өңірлер бөлінісінде тауық жұмыртқасының өндірісі Ақмола облысында ең жоғары – 490,8 млн данадан астам. Тізім басындағы өңірлер үштігінде Солтүстік Қазақстан (483,4 млн дана) және Қарағанды облыстары (456,4 млн дана).

Айта кетейік, азық-түлік тұтыну бойынша орта есеппен жан басына шаққанда айына 17 дана жұмыртқа келеді.

Он жұмыртқаның орташа бағасы - 461 тг (І санат).

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: