"Ондай мектеп Қазақстанда жоқ". Әнші Бақтияр Тайлақбаев мектеп ашпақ

6 Сәуір 2023, 20:07 2996

Сахнада жүргеніне 30 жыл толған әнші Бақтияр Тайлақбаев «Талант» атты болашақ жас әншілерді дайындайтын мектеп ашатынын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Менің соңғы кездері сахнадан көрінбей кетуімнің бірден бір себебі, шәкірт тәрбиелеп жүргендігім. Өйткені, Алматы қаласында «Арт Сервис» атты продюсерлік орталығым бар. Негізгі қызметі ән жазып өңдеу, жас әншілерге үлкен сахнаға жол ашу. Біздің кезімізде қолымыздан жетектеп, бағыт бағдар берген азаматтар аз болды. Сол үшін қазіргі жас әншілер қиналмаса, кезінде біздің өнерде көрген қиындықтарымызды көрмесе деймін. Жақында әзірге атауы «Талант» атты болашақ жас әншілерді дайындайтын мектеп ашпақпын. Ондай мектеп Қазақстан бойынша жоқ. Бұл ауылда жүрген небір жас талант иелеріне өнер жолына үлкен жол ашады, - дейді Бақтияр Тайлақбаев.

EL.KZ
Бөлісу: