Отандық танымал әнші, Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан ұзатылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Өнер иесі әдеуметтік желідегі парақшасында жалғыз қарындасына арнап жазба қалдырды.
«Жол мұраты — жету, қыз мұраты – кету» дейді қазақ халқы. Оны ұғынсақ та, бауыр етінен жұлып алғандай етіп қарындасты өзге жұртқа аттандыру кімге болса да оңай емес екен?! Дегенмен теңін тауып, ата-анасының, туған-туыстарының ризашылығымен кетіп бара жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Қолымыздан ұшып бара жатқан қызымыздың қонған жері құтты болсын! Барған еліне тастай батып, судай сіңсін! Құдай қосқан жарына бақ болып қонсын, қосағымен қоса ағарсын! – деп жазды әнші.
Сонымен қатар Димаш інісі екеуі ән орындаған.
Раушантайым, Мансұр екеуміздің «Қарлығашым, ұя салғанда…» атты әнімізді ақжүрек тілегіміз ретінде қабыл алғайсың! Жүректегі сағыныш пен қимастықты осы әннің өн бойынан көрсеткіміз келді.
Бақытты бол, қарлығашым менің! Көкесінің жүрегі! – деп қосты Димаш.