Омбудсменнің көмегімен қамаудағы күдіктіге хирургиялық ота жасалмақ

23 Ақпан 2023, 11:58 975

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына күдікті азаматтың мүддесі үшін адвокаттың денсаулық сақтау құқықтарының бұзылуына шағымданып, хирургиялық ота бөлігінде жәрдемдесу туралы өтініші түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өтінішке сәйкес, күдіктінің қорғаушылары уәкілетті органдарға олардың қорғаушысына білікті медициналық көмек көрсету туралы өтінішпен бірнеше рет жүгінген. Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығында зерттеу жүргізгеннен кейін бөлім меңгерушісі күдікті азаматты жедел емдеу үшін ауруханаға жатқызу туралы қорытынды шығарды. Алайда ота жасалмады.

Аталған мән-жайларды назарға ала отырып, Омбудсмен А.Ластаев азаматты медициналық көмекпен қамтамасыз етпеуге қатысты өтініште баяндалған дәлелдемелер бойынша Астана қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің заңдылығына тексеру жүргізу үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жолдады.

Нәтижесінде тергеу изоляторы жағдайында ұсталған күдіктіні тексеру жүргізілді, пациенттің денсаулық жағдайына шағымдар тыңдалды, тексеру нәтижелері зерделеніп, бірқатар ұсынымдар берілді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде шаралар жүзеге асырылуда, атап айтқанда пациент үшін хирургиялық операция жүргізу жоспарланған.

EL.KZ
Бөлісу: