Омбудсмен қызметі не үшін керек?

25 Тамыз 2023, 13:49 1406

Елордада «Самұрық-Қазына» АҚ бастамасымен еліміздегі омбудсмен қызметінің жұмысы жөнінде отырыс өтті, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Омбудсменнің қызметі – арыз-шағымдарды тәуелсіз жағдайда қарап, қолданыстағы заң талаптарына сәйкес ұсыныс енгізу. Жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы еңбек дауларының оң шешу жолдарын қарап, нақтылау жасау. Мекеменің беделін өсіру және қызметкерлердің арасындағы Әдеп кодексінің сақталауына қол жеткізу, - деді «Самұрық-Қазына» омбудсмені Серікбай Трумов.

Омбудсменнің айтуынша, елімізде жалпы 13 портфельді компанияның 9-ында омбудсмен қызмет етеді. Екеуінде қосымша қызмет атқарса, қалған жетеуінде штабта тікелей қызмет етеді. Яғни өздеріне түскен арыз шағымдарды тәуелсіз шешуге, белгілі бір заң бағыттарына қарай ұсыныс беруге толық мүмкіндігі бар. 

Осы уақытқа дейін Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы өндірістік мекемелердегі жағдайлармен танысып, жұмысшылармен кездесіп, омбудсмен деген қызмет бар екенін, қандай мәселелермен омбудсмендерге жүгіну керек екенін түсіндірдік. Жалпы, барлық портфельді компанияларда еншілес омбудсмендердің аты-жөні, олардың телефоны туралы ақпарат қолжетімді болуы керек, - деді ол.

Айтуынша, барлық еншілес кәсіпорында омбудсмен қызметтері жұмыс істейді.  Қосымша болса да, жалпы 20-ға жуық өндіріс орындарында омбудсмен бар.

Негізі омбудсмендерде медиаторлық сертификаттар болуы керек. Сондай-ақ олардың медиаторлық жүмыс жүргізуге мүмкіндіктері бар. Дегенмен барлық мәселелерді омбудсмендердің төңірегінде шешу мүмкін емес. Олардың да өзіндік құзыреттілік шегі бар. Омбудсмендердің негізгі қызметі жұмысшылардың өтініш тыңдау және олардың мәселесіне құлақ түру. Бұл маңызды. Сондықтан алдағы уақытта біз омбудсмендердің жұмысын жетілдіреміз, - деді Серікбай Трумов.

Ол омбудсмендерге келіп түсетін арыз-шағымдардың көпшілігі еңбекақыға байланысты екенін айта кетті.

Миражан Махан
Бөлісу: