Омбудсмен Конституциялық Соттың Төрағасымен өтініш беру тәртібін талқылады

18 Қаңтар 2023, 12:03 1125

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасымен және Аппаратымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Кездесу барысында тараптар Конституция нормаларын іске асыру мәселелерін талқылады.

Атап айтқанда, Конституциялық Соттың адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін тексеру жөніндегі Уәкілдің ықтимал өтініштерін қарау тәртібі туралы сөз болды.

EL.KZ
Бөлісу: