Омбудсмен: «Заңға өзгеріс енгізу кезінде өкілеттікті асыра пайдалануға жол жоқ»

3 Маусым 2022, 19:11 1742

Құқық қорғаушылар жаңа конституциялық тетіктерді іске асыру кезінде өкілеттіктерді асыра пайдалануға жол бермеу үшін заң жобасын әзірлеушілер назар аударуға тиіс. Бұл туралы онлайн форматта омбудсмен мен құқық қорғаушылардың отырысында айтылды,- деп хабарлайды El.kz.

Пікірталас барысында омбудсмен мен ұлттық алдын алу тетігі қатысушылары республикалық референдумға шығарылатын конституциялық түзетулерді талқылады.

Жиынға қатысушылар ұсынылып отырған түзетулер және оларды іске асыру бойынша алдағы заң шығару жұмысы жөнінде пікір алмасты. Естеріңізге сала кетейік, Конституцияға өзгерістер енгізу қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізуге және конституциялық сот, прокуратура және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы жаңа үш Конституциялық заңның қабылдануына әкеледі.

Талқылау барысында құқық қорғаушылар алдағы заң шығару процесінің тиімділігін қамтамасыз ету, конституциялық түзетулерді іске асыру үшін әзірленетін заң жобаларын кеңінен талқылау бойынша ұсыныстар айтты.

Құқық қорғаушылар жаңа конституциялық тетіктерді іске асыру кезінде мемлекеттік органдар тарапынан өкілеттіктерді асыра пайдалануға жол бермеу үшін

Заң жобасын әзірлеушілер жаңа конституциялық тетіктерді іске асыру кезінде мемлекеттік органдар тарапынан өкілеттіктерді асыра пайдалануға жол бермеу үшін назар аударуға тиіс негізгі тұстарды белгіледі.

Жиынға қатысушылар адам құқықтары мен Заң Үстемдігі саласындағы одан арғы шаралар туралы Үкіметтің қабылданған екінші жоспарына қатысты пікір алмасты. Құқық қорғаушылар азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың жаңа тетігін күшейтетін әрекеттер алгоритмін ұсынды және оны әзірлеу мен талқылауға қатысуға дайын екендіктерін білдірді.

 

Бөлісу: