Омар Жәлел бас би лауазымынан айырылды

21 Тамыз 2023, 10:22 4116

Билер алқасы Омар Жәлелді би деп мойындаудан бас тартты. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақ билер алқасы 2023 жылы 31 шілдеде  өткен онлайн жиында көпшілік дауыспен Омар Жәлел мырзаны Бас би лауазымынан жеке ұстанымына байланысты айырып, Бас би деп мойындаудан бас тартты, – делінген «Қазақ билер алқасы» таратқан хабарлама.

Еске салсақ, 2022 жылы Омар Жәлел 17 қыркүйекте қазақтың Бас биі болып сайланған болатын.

Құрылтай Түркістан облысының Түлкібас ауданы, Машат ауылындағы «Ақшолпы» деген демалыс орнында өткен.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: