06.05.2024
19:25
907
Олжас Бектенов ұжымға Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрін таныстырды

Олжас Бектенов ұжымға Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрін таныстырды

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұжымына Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған ведомствоның жаңа басшысы Жаслан Мәдиевті таныстырды, деп хабарлайды primeminister.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі. 

Олжас Бектенов жаңа министрге ведомство алдында тұрған маңызды міндеттерді белгіледі. ЦДИАӨМ-ге жасанды интеллект технологияларын кеңінен қолдану, ІТ-қызметтердің экспортын ұлғайту мақсатында табысты стартаптарды дайындау үшін қолайлы орта құру жұмысын жалғастыру, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейту тапсырылды.