Олжас Бектенов министрлікке 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін уақыт берді

3 Желтоқсан, 13:37 292

Бүгінгі таңда үш ауысымда оқытатын мектептердің 57%-ы ауылдық жерде екен. Оның ішінде көпшілігі Алматы және Түркістан облыстарында орналасқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Апатты жағдайдағы мектептердің 76%-ы да ауылдық елді мекендерде. Олар негізінен Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында орналасқан.

Олжас Бектенов ауыл мен қала мектептерінің арасындағы оқыту сапасының, әсіресе математика, физика және шет тілдері бойынша біліктілігі жоғары мамандардың тапшылығынан туындаған алшақтықты қысқартудың маңыздылығына назар аударды.

Премьер-министр Оқу-ағарту министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, ауыл мектептері мұғалімдерінің біліктілік деңгейін арттыру бойынша жүйелі шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ 2025 жылғы 1 қыркүйекке қарай шалғай өңірлерді ерекше назарға ала отырып, ауыл мектептерін жылдамдығы жоғары интернетке қосуды аяқтау тапсырылды. Өңір әкімдіктеріне әртүрлі үйірмелер мен секциялардың қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін 2025 жылдың қыркүйегіне дейін мектептен тыс ұйымдардың комьюнити-орталықтарын немесе филиалдарын ашу жөніндегі жұмысты аяқтау тапсырылды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: