Олжас Бектенов Майкл Дикерсонмен цифрлық салдағы ынтымақтастықты талқылады

10 Қыркүйек, 22:16 342

Премьер-Министр Олжас Бектенов TSC Global / GK Hyperscale компаниясы басшылары Майкл Дикерсон және Дэниел Дикерсонмен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру шеңберінде Үкімет инвестиция көлемін ұлғайту, озық технологиялар трансферті, өндірістерді локализациялауға және шетелдік инвесторлардың қатысуымен терең өңдеу кластерлерін құруға бағытталған.

Кездесу барысында цифрлық инфрақұрылымды дамыту және озық технологиялар трансферті саласындағы инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Компанияның есептеу қуатының өсуін қамтамасыз ету және IT қызметтер экспортын арттыру тәсілдері қаралды.

TSC Global / GK Hyperscale бас атқарушы директоры Майкл Дикерсон жоғары білікті мамандарға арналған 300-ден астам жұмыс орнын ашуды көздейтін жобаға қызығушылық танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар нәтижелі ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.

Зарина Арман
Бөлісу: