Олимпиаданың ашылу салтанатында ауырып жатқан Селин Дион мен Леди Гага ән шырқайды

25 Шілде, 16:06 602

Бұлшық ет құрысуымен ауыратын әлемге әйгілі әнші Селин Дион Париж олимпиадасының ашылу салтанатында өнер көрсетеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дионмен бірге сахнада американдық жұлдыз Леди Гага ән айтады.

Independent басылымының мәліметінше, өнер иелері 26 шілде күні Эдит Пиафтың «La Vie en Rose» әнін бірге шырқайды. Сонымен қатар Дион өзінің ең танымал туындысы «My Heart Will Go On-ды» орындайды.

Дион Парижде екенін аңғартып, әлеуметтік желідегі парақшасында суреттер жариялады.

Парижге оралған сайын әлемде әлі талай сұлулық пен қуаныш барын есіме аламын. Парижді жақсы көремін, қайта келгеніме бақыттымын! Луврдағы керемет достарымызға рахмет, - деп жазды әнші.

Бұлдардан бөлек ашылу салтанатында тағы бір әнші Ая Накамура өнер көрсетеді.

Олимпиада ойындары 26 шілде күні басталып, 16 күнге созылады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: