Олимпиадаға іріктеу: Хоккейден Қазақстан құрамасының жарыс кестесі жарияланды

13 Шілде, 07:40 648

29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Словакияның Братислава қаласында шайбалы хоккейден 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға іріктеу турнирі өтеді. Ұлттық олимпиадалық комитет аталған турнирге қатысатын Қазақстан құрамасының жарыс кестесі жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Финалдық іріктеу кезеңі аясында шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Австрия, Венгрия және Словакия құрамаларымен кездеседі. 

Жарыс кестесі төмендегідей: 

29 тамыз, 17:00

Қазақстан - Венгрия; 

30 тамыз, 17:00

Қазақстан - Австрия;

1 қыркүйек, 21:00

Словакия - Қазақстан.

Зарина Арман
Бөлісу: