10.12.2025
18:50
376
Олимпиада жүлдегері ширек финалдан сүрінбей өтті

Олимпиада жүлдегері ширек финалдан сүрінбей өтті

Дубайда өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының тәжірибелі өкілі Сәкен Бибосынов жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

54 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін спортшымыз ширек финалда замбиялық Мвенго Мвалемен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осы нәтижемен Бибосынов Теміртас Жүсіповтен кейін жартылай финалға шыққан екінші қазақстандық боксшы атанды.

Бүгін шаршы алаңға бұдан бөлек тағы сегіз отандасымыз шығатын болады.

Айта кетейік, әлем біріншілігі 13 желтоқсанға дейін жалғасады.