Олимпиада жүлдегері Кеген ауданының әкімі болып тағайындалды

27 Шілде 2023, 17:36 2369

Алматы облысы Кеген ауданының әкімі болып Нұрбақыт Теңізбаев тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Теңізбаев облыстың Дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарып келген.

Оқи отырыңыз:

Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаев 1983 жылы 10 сәуірде Алматы облысы Панфилов ауданы Үшарал ауылында туған.

Грек-рим күресінен 2008 жылғы Бейжің Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, 2009 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2003 жылғы Ыстамбұлда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, екі дүркін Азия чемпионы.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: