Олимпиада ойындарында спортшы сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады

26 Шілде, 12:26 878

Гандболдан Аргентина олимпиадалық құрамасының мүшесі Пабло Симоне Парижде өзінің сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Паблоның сүйіктісі де спортшы. Ол көгалдағы хоккейден Аргентина құрамасының мүшесі. Үйлену туралы ұсынысты жігіт олимпиадалық ауылда жасаған.

Олимпиадалық ауылдағы үйлену туралы алғашқы ұсыныс! Пабло Симоне мен Пилар Кампой бұл ерекше сәтті гандбол мен көгалдағы хоккей құрамаларындағы командаластарының ортасында өткізді. Екеуін де құттықтаймыз! Бақытты болыңдар! - делінген Халықаралық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты бүгін өтеді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: