Олигархтар билік өкілдерін адам құрлы көрмейді - депутат

6 Қараша 2023, 10:50 1148

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров өндіріс саласындағы олигархтардың билік өкілдерін елемейтінін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Екібастұзда төтенше жағдай орын алған кезде оқиға орнына бардым. Сонда байқағаным, Александр Клебанов деген олигарх әкімді, министрді адам құрлы көрмейді. Тіпті мүлдем сөйлеспейді, керек қылмайды, — деді ол «ADAL ADAM» youtube-арнасына берген сұхбатында.

Депутаттың айтуынша, олигархтардың билікті елемеуі тегін емес. Елдегі заңның басым дені ауқатты өндіріс иелерінің мүддесіне сай өзгертілген көрінеді. Сондықтан Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін комитеттер зауыттарды тексере алмайды.

Кезінде Клебанов секілді олигархтар депутаттарға қысым жасап, барлық заңды өз мүддесін сай өзгерткен. Олардың ығына  жығылған депутаттар көп заңға түзету енгізді. Қазір Мәжілісте бұрын негізсіз өзгерген заңдарды қайта қарап, өзгертіп жатырмыз. Мемлекет құзыретін арттырып және еңбек, өндіріс қауіпсіздігіне қатысты өзгерістерді енгізудеміз, - дейді депутат.

Депутат енді заң жүзінде зауыттар мен кәсіпорындардың жауапкершілігін арттыру керегін атап өтті.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: