Қысқы спорт өкілдері үшін тартысқы, эмоцияға толы кезең басталды. Оларға сәттілік тілеймін! Өздеріңе, өз күштеріңе сеніңдер! Сіздерге жанкүйер боламыз. Өзімнің барлық энергиям мен жақсы эмоциямды сіздерге бағыттаймын. Жарысқа үлкен сеніммен шығыңыздар, сол кезде бәрі де жақсы болады. Біз сіздерге сенеміз, - деді Рыпакова.
Айта кетелік, Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанаты 4 ақпанда өтеді. Ал қазақстандық могулшылар жарысты бүгін бастайды.
baq.kz