29.11.2025
12:42
525
Ольга Тихонова әлемдік турдың төртінші кезеңінің жартылай финалына жетті

Ольга Тихонова әлемдік турдың төртінші кезеңінің жартылай финалына жетті

Бүгін Дордрехтте (Нидерланды) шорт-тректен әлемдік турдың 4-кезеңінің іріктеу бәсекелері өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Әйелдер арасында 1500 метрге жарыста қазақстандық Ольга Тихонова 

2:34.146 уақыт көрсеткішімен жартылай финалға шықты. Осы қашықтықта бақ сынаған 

Алина Ажғалиева мен Малика Ермек ширек финалда сүрінсе де, жартылай финалға шығу мүмкіндігі сақталып отыр.

Сондай-ақ 500 метрде Яна Хан, ерлер арасында 1000 метрде Әділ Ғалиахметов пен Глеб Ивченко қосымша сайыста ширек финал жолдамасын сарапқа салады.

Ал ерлер арасындағы 5000 метрлік пен аралас эстафетада спортшыларымыз іріктеуден аса алмады. 

Айта кетейік, әлемдік турдың алғашқы төрт кезеңі іріктеу ретінде өткізіледі. Сол турнирлардың қорытындысына сәйкес, 2026 жылғы XXV қысқы Олимпиадаға жолдама үлестіріледі. Бұл дода маңызды әрі шешуші кезең болғандықтан әр спортшының нәтижесі мен көрсеткіштердің жоғары болуы аса маңызды. Жаһандық жарысқа 42 елден 258 атлет жиналды.