Ольга Сафронова Олимпиада ойындарының жартылай финалына шыға алмады

4 Тамыз, 15:51 384

2024 жылғы Париж Олимпиадасында 200 метрге жүгіруден іріктеу сыны өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл бәсекеде қазақстандық Ольга Сафронова жарыс жолына шықты. Сафронова өз тобында мәреге жетінші болып келді. Оның уақыт көрсеткіші - 23.58 секунд. 

Жартылай финалға әр топта бірінші  орын алған спортшылар өтті. 

 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: