Олардың ойынша мен әлі актер емеспін. Мәлік Әбдіраман "Бауыржан шоудағы" әріптестері туралы айтты

30 Маусым 2023, 17:41 1835

Белгілі актер Мәлік Әбдіраман бұрын өзі өнер көрсеткен "Бауыржан шоу" театрындағы әріптестерімен мүлде араласпайды. Бұл туралы актер БазарLike бағдарламасында айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Актер "Бауыржан шоу" өнерде де, өмірде де сабақ болғанын атап өтті.

Қазір олармен қарым-қатынасым жоқ. Араласпаймын. Тек өзімнің туған нағашым Әбунасыр Серіковпен арасында сөйлесіп тұрамын. Туыстан алыстай алмаймын ғой, енді. Мені сол кісі алып келді өнерге. Қарым-қатынас жоқ. Олардың ойынша мен әлі актер емеспін ғой. Бауыржан Ибрагимов ағамыздың алпыс жылдығы болды. Мені шақырған жоқ. Оған ренжімеймін. Шақырса да қолым тимейтін еді. Түсірілімде болдым. Жарайды, енді. Бірақ "Бауыржан шоу" маған өнерде де, өмірде де сабақ болды, - деді Мәлік Әбдіраман. 

Сондай-ақ университетті бітіре салып, бірден "Бауыржан шоуға" кіргенін тілге тиек етті.

Ойлаңызшы, Жүргеновті қанша студент бітіреді. Ал мен 22 жасымда "Бауыржан шоу" арқасында танылдым. Сол авторитетпен біраз жыл жүрдім. Біраз адам мені тойға алды, - деді актер.

Айта кетейік, актер өзін "Бауыржан шоу" театрынан не үшін қуып жібергенін айтқан еді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: