11.03.2026
11:10
222
Олар адамға ұқсап барады: үй жинаған гуманоид робот интернеттің жұлдызына айналды

Олар адамға ұқсап барады: үй жинаған гуманоид робот интернеттің жұлдызына айналды

Figure AI компаниясы қонақ бөлмені өз бетінше жинайтын Helix 02 гуманоид роботының жаңа видеосын жариялады. Бейнероликте роботтың бөлме ішінде еркін қозғалып, түрлі тапсырмаларды орындап, адамның көмегінсіз күнделікті үй шаруасымен айналысатыны көрсетілген.

Helix 02 жүйесін бірыңғай нейрожелі басқарады. Ол роботтың бүкіл денесін камералардан түсетін бейне арқылы тікелей басқарады. Мұндай тәсіл қозғалысты, қолмен жасалатын әрекеттерді және қоршаған ортаны қабылдауды бір уақытта үйлестіруге мүмкіндік береді. Бұған дейін робот асүйді жинастыруды көрсеткен еді, енді компания оның тағы бір тапсырманы – қонақ бөлмеде тәртіп орнатуды қалай орындайтынын паш етті.

Видеода робот беттерді тазалау үшін бүріккіш пен сүлгіні қолданады, контейнерлерді екі қолымен тасиды, ойыншықтарды жинайды, тіпті жастықты қайтадан диванға дәл лақтырып қояды. Сондай-ақ, ол заттардың қолдағы орнын ауыстыра алады, пульттегі батырмаларды басады және жиһаздардың арасымен ұқыпты өтіп, қозғалыс үстінде де тапсырмаларын орындауын жалғастыра береді.