27.07.2023
14:00
1376
"Ол - мен үшін Мессиден де үздік ойыншы". Лионельдің жаңа әріптесі өз пікірін білдірді

"Ол - мен үшін Мессиден де үздік ойыншы". Лионельдің жаңа әріптесі өз пікірін білдірді

Венесуэлалық "Интер Майами" шабуылшысы Джозеф Мартинес командаластары арасында Мессиден гөрі мықты футболшы бар екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

30 жастағы форвард "Барселонаның" экс-ойыншысы Серхио Бускетспен бірге жасыл алаңда ойын өткізгеннен кейін эмоциясын ұстай алмады. Матчтан кейінгі сұхбат барысында Мартинес испаниялық жартылай қорғаушының ойнау мәнеріне таңданысын жасырмады.

Оқи отырыңыз:

"Біздің командаға Серхио Бускетстің қосылғанына қуаныштымын. Ол нағыз данышпан және өте ақылды ойнайды. Мен үшін Бускетс Мессиденде үздік ойыншы, деді "Интер Майами" шабуылшысы Джозеф Мартинес.