24.11.2025
13:04
444
«Ол кезде өзі де білмеген еді»: Мұстафа Өзтүріктің қызы әкесін еске алды

«Ол кезде өзі де білмеген еді»: Мұстафа Өзтүріктің қызы әкесін еске алды

23 қараша - таэквондодан қара белбеу иегері. Халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы, өз ұлтын шексіз сүйгендіктен атажұртқа келіп, Қазақстандағы таэквондо (WTF) федерациясының негізін қалаған Мұстафа Өзтүріктің туған күні. Өмірден ерте кеткен оғлан ұлдың қызы Неслихан Өзтүрік әкесінің туған күнінде жазба арнады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ол кезде өзі де білмеген еді, Өз жолының қанша жандардың жүрегіне жететінін. Оның күші талай буынды рухтандыратынын. Оның есімі ондаған жылдар өтсе де махаббат, мақтаныш және шексіз құрметпен аталатынын.Туған күнің құтты болсын, әке! – деп жазды Неслихан.

Мұстафа Өзтүрік – түркі әлеміне танымал таэквондо шебері, Қазақстандағы осы спорттың негізін қалаушылардың бірі. Ол 1954 жылы Түркияда дүниеге келген. Жастайынан шығыс жекпе-жегіне қызығып, Кореяда білім алған. Кейін Қазақстанға келіп, тхэквондоны насихаттап, ұлттық спорт мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосты. Мұстафа Өзтүрік көптеген шәкірт тәрбиелеп, қазақ жастарын рухани әрі физикалық тұрғыдан мықты болуға баулыды.