13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызЕлбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аймағымызда туризмді дамытудың тура жолдарын анықтап берді. Осылай деген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштердің 80 пайыздан астамы Оңтүстік жерінде орналасқанын айтты.
«Көне заманнан тарих пен руханияттың орталығына айналған Оңтүстік Қазақстанда республика бойынша тарихи-мәдени ескерткіштердің 80 пайыздан астамы орналасқан. Сондықтан, өлкемізде туризм индустриясын жан-жақты дамытуға барлық мүмкіндіктер бар. Бүгінгі күні осы бағытты дамыту үшін 3 басымдыққа көңіл аударып отырмыз. Біріншісі туристік инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде серпінді жобаларды жүзеге асыру. Олар Түркістан, Шардара, Сарыағаш, Қасқасу кешендері. Екіншісі қызмет көрсету сапасын арттыру болса, үшінші басымдық өңірдің туристік әлеуетін насихаттау және жарнамалау болып табылады»,-деп атап өтті әкім.
Мәселен, облыста «Қасқасу» тау-шаңғы курорты, «Сарыағаш» жаңа курорт қалашығы, Түркістан мен Отырарда тарихи-танымдық туризм кешені, ал Шардарада жағажай туризмі дамытылатын болады. Нәтижесінде, 2021 жылы ішкі туризм көлемін 220 000 адамға және кіру туризмінің көлемін 20 000 адамға арттыру жоспарлануда.
Сонымен бірге облыста туризм индустриясының дамуына Елбасымен ұсынылған «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Мәдени-географиялық белдеу» жобалары үлкен үлесін қосқалы отыр.
Нақты айтқанда, «Ханқорған», «Сайрам», «Ескі шаһар, Шымкент», «Күлтөбе», «Көне Түркістан», «Оқсыз» арнайы бағыттары ашылған жағдайда көптеген жұмыс орындары ашылып, салық көбейіп, туристік сауда түрлері дамиды.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды