«Өкінбеймін»: Жаңбыршин Фостерге айтқан ескертуін сынағандарға жауап берді

Кеше, 10:20 341

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин еліміздегі ең басты әуе компания Air  Astana жұмысын сынап, көпшіліктің қызу талқысына түскені белгілі. Депутат өзінің «абориген» деп айтқанына ешқандай өкініші жоқ екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еділ Жаңбыршин Мәжіліс депутаттарының сөзіне миығынан күлген Air Astana-ның басшысы Питер Фостерге ескерту жасаған еді.

Сіз бізді осы жерде отырып алып менсінбей отырсыз. Күлетін ештеңе емес. Сіз күлмеңіз. Біз сізге ештеңені түсінбейтін Африкадағы абориген емеспіз. Бұлай ойнамаңыз. Парламентте отырсыз. Осы жерде отырғандардың бәрін халық сайлаған. Халықтың өкілдері, – деді мәжілісмен.

Әлеуметтік желіде депутаттың абориген сөзі сынға ұшырап, Еділ Жаңбыршинге қарсы түрлі пікірлер айтылған.

Африкадағы аборигендердей көрмеңіз деген мәселе айтылған. Себебі, өздеріңіз білесіздер еуропалықтар африкалықтарды отарлағанда олардың алтындары мен байлықтарын, тіпті адамдарын құл қылып, алып кетті. Ондай жасамау керек. Біз қазір өркениетті елде өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан ондай схема бізге жасамауы керек. Келдің ба, сол елдің халқын, мәдениетін құрметте. Мысалы, біздің домбыраны ұшақтың ішіне кіргізбейді. Ал егер Страдивари мен Паганинидің скрипкасы болса, кіргізер еді. Олай екітүрлі стандарт болмауы керек. Мемлекетке келдің бе, ол мемлекеттің білімі мен интеллектуалы төмен болса да, құрметтеуің керек. Мен негізі әуе компанияның қызметін сынадым. Абориген деген сөзді айтқаныма өкінбеймін, - деді Мәжіліс депутаты.

Айта кетейік, депутат әуе компанияның заңға бағынбай, кешіккені үшін жолаушыларға төлеуі тиіс өтемақыны бермей жүргенін айтқан.

 
 
 
 
 
View this post on Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by EL.KZ (@elkz_portal)

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: