Оқушы жастар арасында ұлтаралық келісімді қалыптастыру

31 Қаңтар 2018, 12:00 1809

Бүгінгі таңда мемлекет жастарға ерекше көңіл бөледі. Оған объективті себептер бар, жастар –білім беру жүйесін, жұмыс орындарын, сондай-ақ жастар қоғамдық ұйымдарын қамтитын халықтың белсенді бөлігі екені сөзсіз.

Ақпараттық-насихаттау жұмысы аясында «Петропавл қаласы ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығы» КММ жастармен жұмыс жөніндегі нұсқаушы Эльмира Танакулова, облыстық мәслихат депутаты Екатерина Старостина, «Радзіма» Солтүстік Қазақстан облыстық белорус мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мария Татаренко «Петропавл темір жол көлігі колледжінің» студенттерімен «Оқушы жастар арасында ұлтаралық келісімді қалыптастыру» тақырыбында кездесу өткізді.

Алғы сөзді колледж директоры Михаил Леонидович Шатковский бастады, ол тақырыптың өзектілігі мен аталған ақпараттық-түсіндіру іс-шараларының маңыздылығы үшін сөз сөйлеушілерге алғыс білдірді.

Эльмира Танакулова студенттерге деструктивті діни ағымдар және олардың қоғамдағы жағдайға кері әсері жайында айтты.  

Екатерина Старостина өз сөзінде «Жастар ресурстық орталығы» қызметінің негізгі бағыттарын айқындап, қазіргі жастардың белсенділігі мен келешегін, өз-өздерін дамытуға және жетілдіруге деген талпынысын атап өтті. 

Белорус орталығының төрайымы Мария Татаренко, этномәдени бірлестіктің қызметімен қоса, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының және «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысына тоқталды. Қызметтің барлық бағыттарын аша отыра,  Мария Петровна өңірдегі қайырымдылық мәдениетті дәріптеуге ерекше назар аударды. Шыны керек, облыстағы ҚХА-ның ең маңызды міндеттерінің бірі – ешқандай ұқсастығы жоқ, өздігінен бірегей және ауқымды іс-шараларды өткізу арқылы қайырымдылық пен меценаттықты дамытуға жәрдемдесу.  Осындай іс-шаралардың бірі – Қайырымдылық балы, оның арқасында ауыр науқас балалардың қымбат тұратын емін төлеу үшін ақшалай қаражат жиналады. Сонымен бірге жастар жыл сайын «Қоғамдық бастама» конкурсы аясында әлеуметтік жобаларды іске асырады.   

Аталған іс-шаралардың аса маңыздылығын, жоғары нысаналы бағытын ескере отыра, жастар әлеуметтік жағынан маңызды барлық жобалар мен қоғамдық бастамалардың стейкхолдерлеріне айналып, жыл санап оларды іске асыруға белсене қатысуда.

Бөлісу: