Брифингіде БАҚ өкілдері министрге жаңадан құрылған облыстар мен елорда атауының өзгеруіне байланысты оқулықтардың мазмұнын жаңарту мәселесі туралы сұрақ қойды.
Елорда атауының өзгеруіне байланысты кітаптардың мазмұны жаңартылмайды. Тек осы мәселеге қатысты бүкіл оқулықтарды басып шығарудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Бізде көп оқулықтар 2016, 2017, 2018 жылдары шығарылған. Біздің елдің балалары, жалпы халқы елордамыздың атауын жақсы біледі. Оқулықтар белгілі бір уақыт ішінде мазмұны жаңартылып, қайта басып шығарылады. Сол уақытта бұл мәселелер ескерілетін болады, - деді Асхат Аймағамбетов сұраққа жауап бере отырып.
Мұнымен қатар министр мектепте оқушылардың ұялы телефон қолдануына кім тыйым салуға құқылы екенін де түсіндірді.
Оның айтуынша, рұқсат ету немесе тыйым салу шешімін мектептің қамқоршылық кеңесі қабылдайды.