Бұл туралы 2022-2023 оқу жылындағы білім процесін ұйымдастыру мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде айтылды.
Оқу жылын ұзартуды ұсынып отырған педагогтер қосымша төрт апта білім алушылардың күнделікті оқу жүктемесін азайтуға көмектесетінін алға тартады. Сонымен қатар оқу жылын ұзарту «күрделі» тақырыптарды аз уақытта игерту мәселесін шешеді. Сондай-ақ жазғы демалыстың ұзақтығын қысқарту білім алушылардың алған білімін жоғалтпауына септігін тигізеді.
Біздің ел оқу жылындағы апта саны (34 оқу аптасы) ең қысқа мемлекеттердің бірі. Республикамыздың білім алушылары жылына 130 күннен астам уақыт демалады бұл әлемдегі ең ұзақ демалыс десек болады. Салыстыратын болсақ: мысалы, Израильде демалыс ұзақтығы 84 күн, Оңтүстік Кореяда – 90 күн, Жапонияда – 102 күн. Зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, балалар ұзақ үзілістен кейін игерген материалдың 25%-ын ұмытатынын көрсетіп отыр. Сондықтан біз қазақстандық мектептердегі оқу жылын 38 аптаға дейін, яғни оқу жылын 15 тамызда бастап, 5 маусымда аяқтауды ұсынамыз. Немесе қыркүйек айында әдеттегідей басталса, онда 20 маусымға дейін ұзарту керек, - дейді BINOM SCHOOL мектебінің басқарушы директоры Арайлым Мағзұмова.
«Әділет» республикалық орта және мектепке дейінгі білім беру қауымдастығының төрағасы Динара Құдайқұлова да өз сөзінде оқу жылын ұзарту үшін оңтайлы деп санайтын мерзімдерді атап өтті.
20-25 тамыздан бастап балалар шығуы керек, шын мәнінде екі апта бойы балалар оқу процесіне толығымен кіре алмайды деп санаймыз. 20-25 тамыздан 5 маусымға дейін кем дегенде ұзартылуы керек, - деді ол.
Сарапшылардың айтуынша, оқу жылының ұзақтығын арттыру сыныптардағы жүктемені 1-2 сағатқа қысқартуға, кабинет тапшылығын оңтайландыруға, білім алушылардың қосымша білім алуына және педагогтердің өздерін кәсіби дамытуына көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.