Оқу-ағарту мен Ғылым және жоғары білім министрліктерін қайта құру аяқталды

25 Тамыз 2022, 12:18 883

Үкімет тиісті қаулы қабылдады

Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігін қайта құру аяқталды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов жазды, деп хабарлайды El.kz

«Мемлекет басшысының министрлікті бөлу туралы шешімі - отандық ғылымның да, жоғары білім беру жүйесінің де, жалпы білім беру саласының дамуы үшін де өте маңызды. Бұл құрылған екі министрлікке алға қойылған міндеттерге және проблемаларды шешуге егжей-тегжейлі назар аударуына мүмкіндік береді. Жаңа министрліктің басшысы – әріптесім Саясат Нұрбек. Саясат Нұрбекұлының мол тәжірибесі, білімі мен жоғары кәсібилігі министрлік жұмысын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретініне сенімдімін. Бұған дейін әріптесім Білім және ғылым министрлігі жанындағы жұмыс топтарының құрамында болып, осы салалардың көркейіп, дамуына септігін тигізген маңызды жобаларды жүзеге асыруға үлес қосты. Әріптестеріме қазақстандық ғылым мен жоғары білімді елімізде және шет елдерде дамыту үшін алға қойған барлық жоспар мен жобаны жүзеге асыруға тілектеспін!», - деп жазды Асхат 

Бөлісу: