Қоғамдық келісім кеңесі және ҚХАА жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың бірлескен кеңейтілген отырысы

27 Қыркүйек 2018, 12:19 2032

ҚР Президентінің Бес әлеуметтік бастамасын талқылау бойынша облыстық Қоғамдық келісім кеңесі және ҚХАА жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың бірлескен кеңейтілген отырысының барысы қызу пікірталас алаңына айналды.

Іс-шараның модераторы ҚХАА төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ринат Галлямов болды.

Облыстық ҚКК төрағасы Ғосман Төлеғұл жиынға қатысушы қауымның назарын Қоғамдық келісім кеңесінің 2018 жылдың ағымдағы кезеңіне дейінгі атқарған жұмыстарының нақты сандық көрсеткіштеріне аударса, ҚХАА жанындағы ҒСТ төрағасы Ардақ Қапышев өз сөзінде Елбасының үшінші бастамасы  - жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту мәселесіне тоқталды. Ардақ Қайыржанұлы алаңдаушылық тудыратын мәселелерді көтерген баяндамасында, биылғы жылы үдерістерді компьютерлендіру мамандықтары бойынша гранттар көлемінің ұлғаюына қарамастан, гранттардың көбі Алматы мен Астана қалаларындағы жетекші жоғары оқу орындарына кетіп, ал ақылы бөлім біздің облыс тұрғындарының көпшілігіне техникалық және ауылшаруашылық бағыттары бойынша қолжетімсіз болып қалғандығын айтты. Баяндамашы құрылыс жұмыстарының құны жоғары (673 млн. теңгеден астам), өз қаражатын ұзақ мерзімді (8 жылға) белгілі бір МЖӘ тетіктері арқылы салатын құрылыс компанияларының жоқтығы туралы, өз қаражаты есебінен жатақхана салуды қалайтын құрылысшылардың жоқтығына алаңдаушылық білдірді. Ол сондай-ақ, білім беру көші-қоны туралы - шетелде, атап айтқанда Ресейде қазақстандық жастардың білім алуы туралы айтып берді. «Қазақстан Ресейдің жоғары оқу орындарында оқитын студенттер саны  бойынша бірнеше жыл қатарынан көшбасшы болғаны құпия емес. Қазақстандық бітірушілердің көші-қонын талдауға арналған ауқымды зерттеу жобасының қорытындысы бойынша қазақстандық үміткерлердің 20%-ы Қытай мен Ресейдің жоғары оқу орындарын таңдайды. Батыс университеттеріне түсуге қарағанда, онда оқу оңайырақ. Бұған қоса, көптеген оқушылар Ресей, Қытай және Қазақстан университеттерінің арасындағы айтарлықтай айырмашылықты байқамайды. Олар үшін ресейлік және қытайлық университеттер шетелдік саналмайды  және қол жетімсіз де емес. Осыған байланысты республикадан сапалы кадрлардың кету қаупі бар. Ең танымал мамандықтар қатарында IT саласы, инженерия, медициналық мамандықтар және нақты ғылымдар келтірілген. Сондықтан Елбасының үшінші бастамасы - жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттырып, білім беру  көші-қонын жоюға көмектеседі»,  — деп келтірді баяндамашы.

Аудандық ҚКК жұмыс тәжірибесімен бөліскен, Сандықтау аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Жамул Мусхановтың да баяндамасы ауқымды сұрақтарды көтерді. «Менің жас мамандарды ауылға тарту бойынша жоспарым бұрыннан бері болған. Менің жоспарларым орындалды. Ауданның меценаттары өз қаражаттарына туған ауылдарында үйлер, спорттық нысандар салып, ескерткіштерді жөндеуден өткізіп, көшелерді абаттандырса, кәсіпкерлер өз қаражаттарына мәдениет үйі мен мектепті жөндеп, бөгеттер, жолдар және көпірлер салуда. Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шынайы нәтижелері, туған еліміздің тағдырына деген жауапкершіліктің үлгісі. Әрбіріміз туған ауылымыздың дамығанын, жерлестеріміздің өз туған өлкесін мақтан тұтқанын, жастарға үлгі болғанын қалаймыз. Мысалға, «Свободное» ЖШС директоры Александр Закусиловтың салған қаражаты есебінен Максимовка ауылында жас мамандарға арнап 10 екі пәтерлі үй салынып, жолдар жөнделсе,  Владимировска ОМ күрделі жөндеуден өткізілді. Аудандағы барлық бұқаралық-саяси іс-шаралар барлық деңгейдегі Қоғамдық келісім кеңестерінің қатысуымен өтіп, конфессияаралық келісімді сақтау және дамыту ісіне оң әсерін тигізуде» , - деді Ж. Мусханов.

Сөз сөйлеушілердің ақпараттары мен ұсыныстары ҚХАА жанындағы облыстық Кеңестің, этномәдени орталықтардың, ҚХАА жанындағы ҒСТ-тың, ҚХАА жанындағы Аналар кеңесі өкілдерімен назарға алынды.  

Жиын соңында облыстық ҚКК мүшелері ҚР Президентінің Бес әлеуметтік бастамасы бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесулерін жастарды қоса  барлық санаттағы азаматтарды қамтумен жалғасытру қажеттігі, Кеңес жұмысының форматын қайта қарау, оның жұмысын «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдаулары негізінде ұйымдастыру жөнінде бір ауызды келісімге келді.

Бөлісу: