20.09.2023
11:49
1525
Нью-Йорк көшесінде Қазақстанның әнұраны шырқалды

Нью-Йорк көшесінде Қазақстанның әнұраны шырқалды

Президент телерадиокешені өзінің Instagram-дағы парақшасында Нью-Йоркте түсірілген видеоны жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Видеода қазақстандықтар АҚШ мегаполисінің орталығында еліміздің әнұранын шырқап тұрғанын көруге болады.

Қазақстан туын көтерген бір топ адам Нью-Йорк-тің орталық көшелерінің біріне жиналып, Қазақстан әнұранын шырқады.

Айта кетейік, бұл күндері президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте жұмыс сапарымен жүр.