«Нұржігітовтің қиянаты». Жамбыл облысының әкімі рейдерлік жасағаны рас па?

25 Мамыр 2023, 13:44 990

Жамбыл облысының әкімі рейдерлік жасады ма? Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов тілшілер сұрағына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде Шу ауданының тұрғыны, Абай шаруа қожалығының иесі Қазақбай Байжұманұлы деген ақсақалдың видеосы тарады. Ол кісі 2011 жылы бір көлді жалға алып жұмыс істеген екен. Оның айтуынша, әрі қарай жалдау мерзімін созуға әкімдік рұқсат бермей отыр. Осы мәселеге қатысты журналистер аймақ басшысына сұрақ қойды.

100-ден астам су қоймалары бар. Соның 80-нен астамының жалға бері жөніндегі нормативтері бар. Арнайы инспекция соны жүргізеді. Бірақ бұл шаруа қожалығының пайдалану мерзімі біткен. Ол кісі әрі қарай жалғастыру жөнінде комиссияға ұсыныс берген. Бірақ сол 10 жылдың ішінде қандай жұмыстар атқарылғаны зерттеледі. Жоспар құрылып, бекітіледі. Сол жоспардың орындалуы тексеріледі. Комиссия жүргізген тексеріске сәйкес, жоспар орындалмаған. Комиссия келісімшартты жалғастырмау жөнінде шешім қабылдады, - деді Нұржан Нұржігітов.

Содан кейін ол кісінің тарапынан бірнеше сотқа берілді. Соттың шешіміне сәйкес, комиссия шешімі дұрыс деп қабылданды. Қазір енді ол кісі Жоғарғы сотқа өтініш бергенін айтып өтті.

Бұл мәселеге қатысты арнайы комиссия шешім қабылдады, - деп атап өтті аймақ басшысы.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: