Нұржан Жалауқызының «Медиа-Менеджер» атты кітабының таныстырылымы өтті

23 Қаңтар 2023, 12:45 1876

Бүгін Қазақстан журналистикасының қалыптасуынан сыр шертетін Нұржан Жалауқызының «Медиа-Менеджер» атты кітаптың таныстырылымы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

2023 жылғы 23 қаңтарда қазақ ғылымының қара шаңырағы - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде танымал журналист, медиа менеджер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Жалауқызы Мұхамеджанованың (Сұраншиева)  «Медиа-Менеджер» атты кітабының таныстырылымы өтті.

Бұл жинаққа Н.Жалауқызының ірі көлемді деген 37 сұхбаты мен кең көлемді мақалалары топтастырылған. 250 беттен тұратын кітап 4 ірі тарауға бөлінген.

Жарық көрген туынды - отандық топ медиаменеджерлері арасында өзіндік орны бар тұлғалардың бірі - Нұржан Жалауқызының Қазақстан  журналистикасының даму тарихына қосқан нақты үлесі.  

Ақпарат саласындағы еңбек еткен 40 жылдық іс-тәжірибесінің соңғы 20 жылында Н.Жалауқызы беделді Internews Network халықаралық ұйымының Қазақстандағы өкілдігін,  еліміздегі ең ірі телеарналарды, оның ішінде «31» арнасын, «Қазақстан» телерадиокорпорациясын, «Алматы» телеарнасын басқарған жылдардағы менеджерлік тәжірибесіне сай берген сұқбаттарынан жинақталған бұл еңбек шығармашылық қауымға және журналистика мамандығын игеруге ниет еткен студенттерге де пайдалы болады деп сенеміз.

Кітапты құрастырушы әрі редакторы - Рауан Есқали, рецензент-кеңесші - Қайнар Олжай, дизайнерлер – Өмірбек Қуанышұлы мен Айна Абдигапарова. 

EL.KZ
Бөлісу: