07.08.2024
16:00
1224
Нұрсұлтан Тұрсынов Париж Олимпиадасының ширек финалына шықты

Нұрсұлтан Тұрсынов Париж Олимпиадасының ширек финалына шықты

Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен 87 келіге дейінгі салмақтағы іріктеу айналымы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Бұл салмақта Қазақстан намысын Нұрсұлтан Тұрсынов қорғап жатыр. 

Тұрсынов алғашқы айналымда египеттік  Мохаммед Метваллимен кездескен болатын. 

Аталған кездесуде Тұрсынов  10:1 есебімен жеңіске жетіп, ширек  финалға шықты.