Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті

29 Мамыр 2019, 10:26 3407

Елбасы кездесу барысында Владимир Путинге «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденін тапсырды.



Қазақстанның Тұңғыш Президенті Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі нәтижелері мен әрі қарайғы даму перспективаларын атап өтті.

– Бес жыл бұрын, Сіз және Александр Лукашенко үшеуміз осы одақты құрдық. Біз жүзеге асырған бұл идея менің тарапымнан 25 жыл бұрын ММУ қабырғасында ұсынылған болатын. Қиын уақыттарға қарамастан, арамыздағы өзара сауда өсіп келеді. Бірлескен кәсіпорындардың саны артуда. Еуразиялық экономикалық одақ ЕО, ШЫҰ, АСЕАН және басқа да ұйымдармен интеграция жолымен жүруі тиіс деп есептеймін. Бізге осы жөнінде жұмыс істеу керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Владимир Путин өзіне тапсырылған марапат үшін Елбасына алғыс айтты және жан-жақты диалогтың әрі қарай нығая беретініне сенім білдірді.


– Сізге марапатыңыз үшін және интеграция ісінде, екі жақты қарым-қатынастарда, Ресей мен Қазақстанның өзара стратегиялық іс-қимылын дамытуда атқарылған жұмыстар үшін алғыс айтқым келеді. Бұл ретте Сіздің зор еңбегіңіз бар, – деді Ресей Президенті.

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының 

Баспасөз қызметі


Оқи отырыңыз:

ЕЛБАСЫ АРМЕНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ НИКОЛ ПАШИНЯНМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ ЕЭК АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ТИГРАН САРКИСЯНМЕН КЕЗДЕСТІ

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ТӘЖІКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЭМОМАЛИ РАХМОНМЕН КЕЗДЕСТІ

Бөлісу: