Нұрқожа Қайпанов Загребтегі әлем чемпионатының жартылай финалында сүрінді

Нұрқожа Қайпанов Загребтегі әлем чемпионатының жартылай финалында сүрінді

Қазақстандық Нұрқожа Қайпанов Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан еркін күрестен әлем чемпионатының финалына шыға алмады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ол 70 келі салмақ дәрежесінің жартылай финалында қарсыласына есе жіберді. Оның жолын монғолиялық Тулга Тумур Очир кесті. Белдесу 5:2 есебімен қарсыластың жеңісімен аяқталды.

Енді Қайпанов енді қола жүлде үшін күресетін болады. Ол іріктеу кезеңдерінде АҚШ және Мексика балуандарынан басым түскен болатын.